30 июнь 2020 0 1 2 3 4 5 Жас түлектер, үлкен өмірге аттаған қадамдарың құтты болсын! View this post on Instagram 🔻Ал Жас түлектер, үлкен өмірге аттаған қадамдарың құтты болсын! ⠀ 🔹Кеше алтын ұя мектептеріңмен, аяулы ұстаздарыңмен қоштастыңдар. Тарыдай боп, имене келген мектептен таудай арман, теңіздей мақсат арқалап кетіп барасыңдар. Ұстаз ретінде сендерге тек қана ақ жол тілеймін! ⠀ 🔹Сендер бақытты түлексіңдер. Өйткені тәуелсіз елде дүниеге келіп, мүмкіндіктер заманында мектеп қабырғасынан түлеп ұшып барасыңдар. Қажырлы еңбек пен табандылық таныта білсеңдер, ерінбей ізденіп, арман-мақсаттарыңа адал болсаңдар, әлемнің кез келген нүктесінен білім алып, заманға сай білікті маман атану еш қиындық тудырмайды. ⠀ 🔹Жас түлектер, сендер тез шешім қабылдап, өзгерістерге жылдам бейімделе алатын алғыр, зейінді, білімді буынның өкілісіңдер. Осыны ұмытпағайсыңдар. Біз сендерге сенеміз. ⠀ 🔹Бүгін ұл-қызының есейгенін көріп, ата-аналарың да толқып жүр. Әке мен ана үшін бұл да зор бақыт. Енді сендерге ата-аналарың, он бір жыл білім берген ұстаздарың зор үміт артады. Сол үмітті ақтап, қай жерде жүрсеңдер де, жасындай жарқырауларыңа тілектеспін! Ең бастысы достыққа, махаббатқа адал болыңдар, ел намысын ту қып көтере біліңдер! #жастүлек2020, #выпускной2020 @talgar_audany_edu @talgarjastary A post shared by Қарабұлақ ауылы 22 орта мектеп (@karabulakauyly22) on Jun 3, 2020 at 8:51pm PDT