2019-2020 оқу жылындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Конституцияның 30 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 Қаулысын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында және Талғар ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 12.04.2019 ж. №127-Н бұйрығын негізге ала отырып, 36 бала ыстық тамақпен қамтылды. Бөлінген қаржы сомасы 1 189 188 (бір миллион жүз сексен тоғыз мың жүз сексен сегіз) теңгені құрайды. Әр балаға 1 күндік тамақ құны – 286 (екі жүз сексен алты) теңгені құрайды. Оқушылар бекітілген ас мәзірі бойынша күнделікті тамақтанады. Оған қоса 7 бала жалға алушының есебінен қамтылды. 2020 жылдың 19 ақпанынан бастап, «Талғар ауданы Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 18.02.2020 ж. №84-Н бұйрығы негізінде аз қамтылған және көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 5 бала ыстық тамақпен қамтылды.
Оқушылар 2 ауысымда бекітілген кестеге сай уақытылы тамақтанды.
Тамақтың сапасын үнемі мектеп медбикесі К.Ч. Тоқбергенова және әлеуметтік педагог Н.М.Шайханова сынама алып қадағалады. Сынаманың нәтижесі мектеп медбикесінің арнайы журналында бекітілген.
2019-2020 оқу жылында 46 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 41 оқушы мемлекет есебінен тамақтанды.
Мектеп директоры А.Б.Коныратов